Байназар – Жақсы Тағылы және Қызылтас таулары аралығындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданында орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 1053 м. Таудан Қарағанды, Қарабидайық өзендері бастау алады. Маңайында Сасықбұлақ, Орташоқы қыстаулары бар. Батысынан Қарағанды – Балқаш автомобиль жолы өтеді.

Өсімдігі Таудың қоңыр қызғылт топырағында бұта, боз, селеу, қозықұлақ өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары