Байыр – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы өзен. Ұзындығы 66 км.
Бастауы Бастауын Шашты (622 м) тауынан алып, Бозкөл көлінің солтүстігіне жетпей жерге сіңіп кетеді.
Гидрологиясы Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады, көктемде тасиды. Байыр өзеніне кішігірім 5 сала құяды. Жағасы жайпақ, арнасы құмды. Қарашаның басында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Жағалауындағы жайылмасы шабындыққа, суы мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы