Бақтай – Балқаш көлінің солтүстігінде, Тоқырау өзенінің аңғарындағы қоныс.
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында. Балқаш қаласының солтүстік-шығысында 30 км жерде орналасқан. Оңтүстіктен Балқаш – Саяқ темір жолы өтеді. Қоныстың солтүстік бөлігінде Беккөл, Жалғызтас таулары мен Шұңқыр қонысы бар. Батысы тегіс, тақыр келген. Сонымен қатар Қоңырат, Шығыс Қоңырат мыс кен орындары бар.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы қоныстары Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) географиясы