Балатопар – Іленің саласы – Топар өзенінің оң тармағы.

Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы жерімен ағады.

Бастауы Топар өзенінен Балатопар аулының шығысында 10 км жерде бөлініп, Іле атырауындағы көлге құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 59 км. Жағасы жазық, арнасы құмды. Жағалауында қамыс, шалғын шөп өседі. Желтоқсан айында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Өзенде сазан, көкбас, көксерке, т.б. балықтар бар.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Балқаш ауданы өзендері Санат:Іле су алабы