Балықтыкөл – Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы шығанақ.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде. Құрлыққа 14 км сұғына енген. Кіре берістегі ені 5 км, орташа тереңдігі 5 м, ең терең жері 13 м. Батыс және солтүстік жағалауы қатты тілімденген. Оңтүстік-шығыс бөлігінде ұсақ аралдары бар, ірісі – Шайтанарал. Суы ащы. Солтүстік және шығыс жағасында қалың қaмыс өскен.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Балқаш көлі шығанақтары Санат:Қарағанды облысы географиясы