Басарал – Балқаш көлінің оңтүстік-батысындағы арал.

Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының аумағында орналасқан.

Жер бедері Ұзындығы 12 шаршы шақырым, енді жері 8 км. Абсолюттік биіктігі 395 м. Жағалары түгелдей дерлік жарқабақты. Солтүстігінің біраз жері жырамен тілімденген. Оңтүстігінің ойпаңдарында кішігірім көлдер бар. Тас көмір шөгінділерінен түзілген. Оның бетін неоген кезеңінің қызғылт сары құмды балшығы жауып жатыр.

Өсімдігі Сұр, сортаң топырағында бұйырғын аралас баялыш, қараған, т.б. шөптер өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Балқаш көлі аралдары Санат:Жамбыл облысы географиясы