Бататау – Бетпақдаланың солтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Жамбыл кентінің оңтүстігінде 50 км жерде орналасқан.
Жер бедері Батыстан шығысқа созылып жатқан оқшауланған ұсақ шоқылы тау жұрнағы. Ұзындығы 4 км, ені 2,5 км, ең биік жері 663 м.
Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің төменгі және ортаңғы бөлім жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаң қоңыр топырағында жусан, көкпек, бұталар өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары