Белқайың – Жетісу Алатауының солтүстік-шығысындағы тау массиві.
Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде, Тастау өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2087 м. Тау батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Батыс беткейі өзен арналарымен тілімденген, етегі қорымтасты.
Геологиялық құрылымы Көбінесе палеоген шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі Таудың қоңыр және шалғынды топырақ жамылғысында бетеге, боз, селеу, бұталар, солтүстік-батыс беткейінде шыршалы орман өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы