Бармақ елі - бармақ еніндей қалыңдықты білдіретін халықтық өлшем. Бұл ұзындық пен қалыңдықты өлшеуге қолданылады. Мысалы, бармақ қазы деп майының қалыңдығы бармақ мөлшеріндей майлы, семіз қазыны айтады. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология