Бертіс – Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы түбек.

Географиялық орны Балқаш қаласы мен Шашубай кентінің арасында орналасқан.

Сипаты мен геологиялық құрылымы Аумағы 18,7 км2, ұзындығы 7,5 км, ені 2,5 км. Жер бедері – аккумуляттік жазық. Орта және жоғарғы тас көмір кезеңі жүйесінің гранитінен, құмтасынан, тақтатасынан, әктасынан түзілген. Олардың бетін төрттік кезеңнің элювийлі-делювийлі шөгінділері жауып жатыр.

Өсімдігі Түбекте шөлге тән сортаңды сұр қоңыр топырақ қалыптасқан. Баялыш, сұр жусан, т.б. шөлейттің сортаң өсімдіктері өседі.“Қазақ Энциклопедиясы”

Дереккөздер

Санат:Балқаш көлі түбектері Санат:Қарағанды облысы географиясы