Басар сөзі төмендегідей бірнеше мағынаны білдіреді: Басар (арқан) — қатты жел тұрған кезде киіз үйдің үстінен бастырылып салынатын арқан түріҚазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. - Алматы: "Сөздік-Словарь". 1997.- 368 б. . Басар (қақпан) — эвфемизм, яғни кақпанның тұспал атауыҚазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1-том. – Алматы: DPS, 2011. – 738 б. . Басар (ағаш) — шөп т. б. жеңіл затты жел ұшырып кетпеу үшін үстінен бастыра қойылатын ұзын сырық ағашҚазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 3-том. / Құраст.: Б. Сүйерқұлова, Т.Жанұзақ, О.Жұбаева және т.б. – Алматы, 2011. - 744 б. . Басар (көруші) — Алла тағаланың сипатының біріҚайыржан К., Сөз - сандық: Қазақтың көне сөздері. - Алматы: "Өнер" баспасы, 2013. - 480 бет.  . Басар (есім) — өлген баланың орнын басар, жасы ұзақ болар деген үміт, тілекпен қойылған есімТ. Жанұзақ. Қазақ есімдерінің анықтамалығы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 552 б. . Басар (сарымсақ) — тау сарымсағының көне атауыБ.Қалиев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2014. - 728 б. . Басар (шүріппе) — мылтықтың шүріппесі, бастырма.

Дереккөздер