Бойдана (Trіgonella) – бұршақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуразияның қоңыржай белдеулерінде, Африкада, Австралияда өсетін 130-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда батпақты жерлерде, тау беткейлерінде, егістіктерде өсетін 5 түрі бар. Жапырақтары үш салалы қауырсынды, шеті тісті. Гүлдері сары, көкшіл, қызғылт түсті, шатырша гүлшоғырына топталған. Аталығы 9, олар түтікше тәрізді біріккен. Сәуір – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бір кейде көптұқымды бұршақ. Бойдананың кейбір түрлері бағалы мал азығы, шабындық ретінде де пайдаланылады. Балды өсімдіктер. Бау-бақшада Бойдананы көбінесе дәм-татымдық өсімдік ретінде өсіреді.“Қазақ Энциклопедиясы”
Дереккөздер</span>
Санат:Бұршақтар тұқымдасы