Боронатрокальцит – бораттар класының минералы. Хим. формуласы NaСаВ5О9·8Н2О. Сингониясы моноклиндік, минералдық агрегаттары жалбыр, бүйрек, талшық тәрізді болады. Б-тың түсі ақ, шыныдай, жібектей жылтыр, қатт. Моос шкаласы бойынша 1, жымдастығы жақсы көрінеді; тығызд. 1650 кг/м3. Б. құрғап қалған боры бар тұзды көлдерде, суларда, тұз күмбездерінде кездеседі. Б. Қазақстанда Индер, Чили, Аргентина, АҚШ-та табылған. Б-тен бор қышқылының қосылыстары алынады. Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Минералдар