Буырлы – Түндік өзенінің Қызылащы саласының сол жағалауында орналасқан тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің оңтүстік-шығыс жағында 77 км жерде. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, ені 1,5 км. Ең биік жері 956 м.

Геологиялық құрылымы Силур жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Таудың қоңыр сұр топырағында бетеге, т.б. шөптесіндер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары