Гүлсебет () – астралылар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Негізінен Орталық, Оңтүстік Америка мен тропиктік Африкада және Гавайи аралдарында кездесетін 120-дай түрі белгілі. Қазақстанда сәндік өсімдік ретінде өсірілетін 2 түрі (бояулық гүлсебет, ірігүлді гүлсебет) бар. Олардың биікт. 25 – 100 см, сабақтары тік өседі, бұтақты, сырты тықыр. Жапырақтары бітік, жоғарғылары тілімденген, сабаққа қарама-қарсы орналасады. Гүлдерінің пішіні тіл сияқты, сары, қызғылт, кейде қанық қызыл, екі түсті болады. Олар себет гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы ұршық тәрізді, имек келген, қара қоңыр түсті, бұдыр болады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер