Доңызтау, Қабантау – Үстірттің солтүстігі мен Каспий маңы ойпатының шектескен жеріндегі аласа тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысының Байғанин және Атырау облысының Жылыой аудандары аумағында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 215 м, салыстырмалы биіктігі 120 – 150 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 75 – 90 км-ге созылған, енді жері 20 км.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы жоғары миоценнің оолитті әктастарынан түзілген.
Жер бедері Таудың солтүстік беткейі тік жарлы, кемері сай-жыралармен тілімденген, етегінде бұлақтар кездеседі. Көлбеу келген оңтүстік беткейі біртіндеп жазыққа ұласады.
Өсімдігі Сұр топырағында сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, күйреуік басым өскен. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Байғанин ауданы таулары Санат:Жылыой ауданы таулары