Есенбай – Ханшыңғыс тауының (1001 м) шығысындағы тау.
Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Ащысу өзені аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 655 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 12 км-ге созылған, енді жері 4 – 5 км.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Беткейлеріндегі тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Сай-жыралармен тілімденген. Орта және төменгі тас көмір гранитоидтарынан түзілген. Баурайынан бұлақтар бастау алады.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, селеу, астық тұқымдас шөптесіндермен қатар бұталы ағаштар өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары