Ағашжегі немесе Бұрама ) – қабыршаққанаттылар отряды, түн көбелектерінің бір тұқымдасы“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.
Негізінен Азия мен Африканың тропиктік аймақтарында 800-ден астам түрі, Қазақстанның барлық облыстарында 10-нан астам түрі кездеседі, ең көп тарағаны – Сексеуіл ағашжегі мен Иісті ағашжегі.
Биологиялық сипаттамасы Дене тұрқы кішкентай, қанатының жайылғандағы ұзындығы 23 – 85 мм. Ағашжегінің жұлдызқұрты ағаштың өркендерін тесіп, ішін бойлай ұзын жолдар салады да, сонда қыстап шығады. Өсімтал келеді. Маусым – шілде айларында ұшып шығып, кейде 1000 жұмыртқаға дейін салады. Жұлдыз құрттары ағаштың діңін, бұтағын мекендеп, оның сүрегімен қоректеніп, жапырағын, өркенін зақымдайды. Жұлдыз құрты үшінші жылы қуыршаққа айналып, одан көбелек шығады.
Ағаш жегінің жұлдыз құрты көп зақымдаған ағаш өспей қалады. Оны құрту үшін көктемде, күзде ағаштың түп жағына көң араласқан әк жағып, құрт жолдарына гексохлоран себу керек. Зақымданған ағашты кесіп, өртеу қажет.
Даму циклі 2 – 3 жыл.
Ағашжегі түскен ағаштар кейде қурап қалады. Әсіресе жас жеміс беретін ағаштарға көп зиян келтіреді."Қазақ Энциклопедиясы"
Күрес шаралары ағаш түбіне топырақ, көң, әк қоспасын жағады да, құрт жолдарына әр түрлі улы ерітінділер бүркеді; зақымданған ағашты не ағаш бұтақтарын қырқып алып тастайды.
Классификация Тұқымдасы 6—7 тұқымдас тармағына бөлінеді.
Cossulinae тұқымдас тармағы Cossus Biocellata Cossula Magulacra Simplicivalva Spinulata
Hypoptinae тұқымдас тармағы Acousmaticus Givira Hypopta Inguromorpha Langsdorfia
Metarbelinae тұқымдас тармағы Aethiopina Arbelodes Encaumaptera Indarbela Lebedodes Marshalliana Melisomimas Metarbela Metarbelodes Paralebedella Saalmulleria Salagena Squamicapilla Squamura Stenagra Subarchaeopacha Teragra
Ratardinae тұқымдас тармағы
Zeuzerinae тұқымдас тармағы Azygophleps Endoxyla Endoxyla leucomochla Eulophonotus Hamilcara Morpheis Phragmacossia Phragmataecia Psychonoctua Trismelasmos Xyleutes Zeuzera
Incertae sedis тұқымдас тармағы Achthina Acritocera Acyttara Adelopsyche Allocryptobia Allostylus Anastomophleps Arctiocossus Austrocossus Brevicyttara Breyeriana Callocossus Carohamilia Catoxophylla Charmoses Coryphodema Cossodes Costria Cryptoholcocerus Degia Dimorphoctena Dolecta Eremocossus Eugivira Franzdanielia Givarbela Gurnetia Hemilipia Holcocerus Isocossus Lentagena Macrocossus Meharia: Meharia hackeri Mekla Neostygia Nomima Oreocossus Paracossus Pecticossus Philanglaus Philiodoron Phragmatoecioides Plyustchiella Pseudurgis Psychidarbela Psychidocossus Psychogena Ptilomacra Puseyia Ravigia Rethona Rhizocossus Schausiania Sinicossus Streltzoviella Stygioides Sympycnodes Synaptophleps Theatrista Trigonocyttara Westia Xyleutites Zeuzeropecten Zeuzerops Zyganisus Yakudza
Тұқымдас уәкілдері
Дереккөздер
Санат:Қабыршақ қанаттылар