Call of Duty: Black Ops II () — 3D- шутер үш өлшемді жанрындағы мультиплатформалы компьютерлік ойын. Call of Duty топтамасының тоғызыншы ойыны және Call of Duty: Black Ops-тың тікелей сиквелі болып келеді. Treyarch америкалық студиясымен жетілдіру үстінде, PS Vita-ға арналған нұсқасы Nihilistic Studios студиясымен орындалуда. Ойынның ресми анонсы — 1 мамыр 2012 жылға белгіленсе, жарыққа шығу салтанаты 13 қараша 2012 жылы болмақ.
Қысқаша мағлұматы Жеке кампаниясының бөлімінде екі мерзімді бөлігінде өтеді — жақын арадағы болашақта (ойынды құру басында жоспарланған басты бөлімі), сонымен қатар Суық соғыс жылдарын қамтитын бөлімне тұрады. Кампанияда Call of Duty: Black Ops бөлімінде қалған сұрақтарға жауап беріледі: Алекс Мэйсон Кеннедиді өлтірді ма әлде бұны басқа адам жасады ма? Фрэнк Вудс қалай тірі қалды? Виктор Резнов шынында кім болып келеді? Қызықты жаңа енгізілім: әйел кейіпкері пайда болады — Лос-Анджелес тапсырмасында Андерсон атты ұшқыш. 2025 жылы АҚШ президенті болып әйел сайланады.
Ең бірінші толық жеке кампанияның геймплейі, Microsoft пресс-конференциясы барысында, 4 маусым 2012 жылы көрсетілді. Үлкен көріністе бір тапсырманың, Лос-Анджелесқа шабуыл және АҚШ президентін құтқару бөлімдерінің өтілуі байқалды.
Жеке кампанияның бөлімдерінің тізімі 17 қыркүйек 2012 жылы желіге шығарылды.
Көпті пайдаланушылық ойын Көпті пайдаланушылық ойын болашақтағы оқиғаларға толығымен — 2025 жылға негізделген. Бұл мәлімет көпті пайдаланушылық ойынның зертемесінің жетекшісі Дэвид Вондерхаармен құпталған. Ойын, PC 60 fps дәрежесіндегі суретін бере алатын, Call of Duty: Black Ops жасаған кезінде қолданысындағы жаңарған қозғалтқыш нұсқасын пайдаланды. Сонымен қатар баспасөз хабарламасында, әртүрлі дәрежелі дайындығы мен ептілігіне қарамастан барлық ойыншылар желілі матчтардан ләззат алатындай, көпті пайдаланушылық ойыны жасалынбақ.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ойынның ресми сайты
Санат:Компьютерлік ойындар Санат:Xbox 360-қа арналған ойындар Санат:PlayStation 3-ке арналған ойындар Санат:Windows-ке арналған ойындар Санат:Steam-ойындар