Афанасьевка — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл, Афанасьев ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Сергеев қаласынан оңтүстікке қарай 42 км-дей жерде, Есіл өзеніндегі Сергеев су қоймасының оңтүстік-шығыс жағасында, орманды дала белдемінде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1908 жылы қаланған. 1957 жылға дейін ұжымшар, кейін „Афанасьевский“ астық кеңшары мен ауылдық кеңес орталығы болды. Олардың негізінде кооператив шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1040 адам (495 ер адам және 545 әйел адам) болса, 2009 жылы 613 адамды (290 ер адам және 323 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Инфрақұрылымы Орта мектеп, учаскелік аурухана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары аудан орталығымен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Шал ақын ауданы елді мекендері