Ахмад ибн Мухаммад ибн Хәнбәл әш-Шәйбәни - Һижра жыл санауы бойынша 164 жылы Бағдат қаласында дүние келіп, хиджра жыл санауы бойынша 241 жылы дәл сол қалада қайтыс болды. Ол таба-табиғиндердің алғашқы шәкірттерінен болған. Ол Ислам үмметінің ұлы ғалымдарының бірі болғандықтан «аһлю-Сунна уәл-джәмә‘аның имамы» деп аталған. Оның беріктігінің себебімен Аллаһ Тағала адасқандарды жеңді, сол кездегі адасқандар: «Құран – бұл Аллаһтың сөзі емес, тек Оның жаратылысы-мыс», – деген сөздер айтқан болатын. Имамның кезінде адамдардың барлығы дерлік адасушылыққа түсті.

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейді:

Бұл ғалымның зор еңбегі, оған дейінгі көптеген ғалымдардың еңбегі сықылды. Хадис жинау және дінді үйрену үшін имам Ахмад көптеген елдер мен қалаларда болғанын еске сала кетейін – Куфа мен Басра, Мекке мен Медина, Йемен мен Шам. Ол өзінің сапарларын он алты жасынан бастады. Дәл осы себепті Уәки’ ибн әл-Джәррах пен Хафс ибн әл-‘Ийәс секілді имамдар ол туралы былай деп айтқан: “Куфа қаласына ешқашан мына жас жігіт сияқты адам келген жоқ!”

Имам әш-Шәфи’и айтады:

Қутайба былай дейді:

Биографиясы Ахмад ибн Ханбал ,Ахмад ибн ХанбалиИслам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1 (780, Бағдат қаласының — 855) — 4 ұлы имамның бірі. Әбу Абдулла Ахмад Мухаммад ибн Ханбал ибн Хилал ибн Абад ибн Идрис ибн Шайбанның баласы. Бабасы Ханбал атымен танымал болды. Әкесінен жас қалып, анасының тәрбиесінде өсті, ілім алды. Анасы — София Маймуна. Ахмад Ханбал бүкіл саналы өмірін ілім-білім жолына бағыштаған. Имам аш-Шафиден фикх негіздерін үйренген. Муталшылдар үстемдігі кезінде қуғынға түсті. 851 жылы Ахмад ибн Ханбалды халифа әл-Мутауаккил патша сарайына шақырып, тарту-таралғы сыйлайды. Ол осыдан бастап қуғыннан да, кедейлік азабынан да құтылады. Ахмад ибн Ханбал ұстаздығын екі бағытта жүргізген. Үйінде шәкірттерге арнайы дәріс берсе, мешітте көпшілік қауым алдында уағыз айтқан. Ахмад Ханбалдың ең танымал кітабы — “Муснад”. Мұнда 40000 хадис бар. Сахабалар туралы жазылған “Зухд”, намаз туралы “Соламу” атты еңбектері де кең тараған. Ахмад Ханбалдың “уағыз-жауаптары” оның көзі тірісінде-ақ жинақталып, жүйеленген. Кейін ол ханбалшылардың құқықтық іліміне негіз болды. Мұсылман әлеміндегі ең беделді төрт мазһабтың бірі — осы ілім.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том

Дереккөздер

Санат:780 жылы туғандар Санат:Мухаддистер Санат:855 жылы қайтыс болғандар Санат:Ислам ғұламалары