Жемайттар , жямайчяй — орта ғасырларға дейін Литваның батыс бөлігін қоныстанған тайпа.
13 — 14 ғасырларда Жемайттар Тевтон ордені әскерлерінің басқыншылығына қарсы күрес жүргізді, бірақ солардың қол астында қалып қойды. Грюнвальд шайқасында (1410 жыл) орден талқандалғаннан кейін көп кешікпей Жемайттар ұлы Литва князьдігінің құрамына енді (1422 жыл). Жемайттар 20 ғасырға дейін Литваның құрамындағы көрші аймақтар халқынан әдет-ғұрып, материалдық мәдениет, халық шығармашылығындағы кейбір ерекшеліктерімен өзгешеленді.Қазақ энциклопедиясы,3 том
Дереккөздер
Санат:Тайпалар Санат:Литва Санат:Балтық халықтары