Есентай Бердіұлы (1894, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Көкбай ауылы — 1967, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы) — педагог, халық ақыны.

Әуелі ауылда, 1905 — 1910 жылдары Көкбай медресесінде оқиды.

1911 — 1914 жылдары Семей қаласындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған.

1918 жылы Алаш қаласында (Жаңа Семей) облыстық жер басқармасы ашқан үш айлық мұғалімдер курсында оқыған.

1921 ж. қазақ педагогика. техникумының негізгі бөлімінде бір жыл оқыған.

1918 жылы Қазанда “Жастарға тағылым” деген кітабы шыққан.

1918 жылдан Дос болысында (қазіргі Абай ауданы) мұғалім болған.

1924 — 1928 жылдары ағартушы-ұстаз Т.Жомартбаев негізін қалаған Маян мектебінде Семейден Парфенов Александр Харитонович деген мұғалімді апарып, екі тілде бала оқытқан.

1928 жылдан Қарауыл селосындағы мектептің меңгерушісі болады.

1937 ж. жалған саяси айыппен 10 жылға, 1949 жылы қайтадан тағы да 10 жылға сотталып, 1956 жылы елге оралған. Өмірінің соңғы жылдарын жазуға арнаған. Шығармалары

“Шәкірттерге”

“Еңбекшіге”

“Октябрь”

“Активтерге айтылған жыр”

“Мақтаныш”

“Ауыл суреті”

“Қазақстан табиғаты” т.б. өлеңдерін жазады.

“Қыз Жәкен” (1959)

“Екі ойшыл” (1962)

“Қанды асу” (1968) атты дастандары жеке кітап болып басылып шықты.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:1894 жылы туғандар Санат:Абай ауданында (Абай облысы) туғандар Санат:1967 жылы қайтыс болғандар Санат:Аягөзде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да қуғындалғандар