Жамбыл — Қарағанды облысы Шет ауданында болған кент, 2023 жылы таратылды.Қарағанды облысы Шет ауданы Жамбыл кентінің таратылуы туралы Бұрынғы Жамбыл кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 450 км, Қаражал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 128 км жерде, Сарыарқаның Бетпақдаламен ұласар өңірінде, жусан, сораң аралас астық тұқымды әртүрлі шөп өскен сұр, сортаңды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен464151 28 18,5 90 21 23,3 61 7 11,5

Тарихы Іргесі 1940 жылы осы маңда вольфрам-молибден кенішін игеруге байланысты қаланды. 1950 жылдан кент. Мұнда өндірілген кентас Ақшатау кентіндегі кен байыту фабрикасына жіберіліп отырған. Кентас қорының азаюына және оны тасымалдаудың тиімсіз болуына байланысты кеніш өз жұмысын тоқтатты.

Инфрақұрылымы Орталау мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары Қаражал қаласымен және Шалқия кентімен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Шет ауданының таратылған елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері