Жарқұлақ алтын кен орны — Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылынан оңтүстікке қарай 65 км қашықтықта орналасқан. Кен орны 1939 жылы ашылып, 1940-1954 жылдары барлау жұмыстары жүргізілген.
Жатыс сипаты, геологиялық құрылымы Жарқұлақ алтын кен орны Жарқұлақ-Дөңарша алтын кентасты белдемінде орналасқан. Кентас аз сульфидті, кварц-желілі метаморфогендік формацияға жатады. Алтын кембрий базальтоидтары ортасындағы ендік бағытта созыла орналасқан кварц желілерінде шоғырланған. Кен түзілу орталығы Тянь-Шаньдағы герцин гранитоидты магматизмінің екі фазасымен байланысты. Жарқұлақ алтын кен орнын “Маралды голд” кәсіпорны игеруде (2000).АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы кен орындары Санат:Қазақстан алтын кен орындары