Бижiгiтов Осман-Рустамбек Байгенжеұлы (30 қараша 1952, Макушино, Қорған облысы, РКФСР, КСРО) — заңгер, милиция генерал-майоры (1995). Ресейдің Қорған облысының Макушкин қаласындағы орта мектепті бітірген соң (1970), КСРО ІІМ-нің Омбы жоғары милиция мектебінде (1974), Мәскеудегі КСРО ІІМ академиясында оқыған (1981).
Арғын тайпасының Атығай руынан шыққан.
Бірнеше жылдар бойы республиканың құқық қорғау органдарында жауапты қызметтерді атқара жүріп, мол кәсіби тәжірибе жинақтаған ол 1992 ж. Ақтөбе облысы ішкі істер басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1994 — 97 ж. Алматы қалалық ішкі істер басқармасының бастығы болды.
Қазір ҚР ІІМ-нің көліктегі ішкі істер басқармасы Шығыс бөлімінің бастығы. Еңбек сіңірген ішкі істер қызметкері. Бірнеше медальдермен, атаулы қарумен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер</span>
Санат:Тұлғалар