Үшарал — Қазақстандағы қала (1984 жылдан), Жетісу облысы Алакөл ауданының орталығы (1928). Іргесі 1871 жылы қаланған.

Географиялық орны Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 281 км-дей жерде, Тентек өзенінің жағалауында орналасқан.

Халқы Тұрғыны: 15 991 адам (2009); 16 234 адам (2010); 16 292 адам (2011); 16 396 адам (2012); 17 620 адам (2013).

+ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындысы (2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен17157 21122 123,1 8475 10601 125,1 8682 10521 121,2

Атауы Қаланың батыс жақ тұсынан Тентек өзені үш тарамға бөлініп ағатын болғандықтан «Үшарал» атанған.

Кәсіпорындары 20 ғасырдың 90-жылдарының ортасына дейін қалада қызмет атқарған ауыл шаруашылығы техника бірлестігі, баспахана, нан, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, орман шаруашылығы, көлік, құрылыс кәсіпорындары, мал дәрігерлік стансасы, т.б. мекемелер мен кәсіпорындар нарықтық экономикаға өтуге байланысты жекешелендірілді. Олардың негізінде АҚ, ЖШС мен шаруа қожалықтары құрылды.

Географиясы Климаты

Инфрақұрылымы Аудандық аурухана, емхана, тубдиспансер, санэпидстанса, дәріханалар, 5 орта мектеп, гимназия, музыка, спорт мектептері, ауыл шаруашылық лицейі, 2 балабақша, мәдениет сарайы, халық театры, мешіт, т.б. мекемелер бар.

Қала арқылы республикалық маңызы бар Алматы — Талдықорған — Семей автомобиль жолы өтеді.Қазақ энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

Санат:Жетісу облысы қалалары Санат:Алакөл ауданы елді мекендері Санат:Жетісу казак әскерінің елді мекендері