Жұлдызбек Бекмұхамедұлы Әбілқожин (23 қазан, 1951 жылы туған, Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1991).

Өмірбаяны ҚазПИ-дің тарих факультетін (1976, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1978 жылдан Қазақстан Ғылым Акедемиясының Тарих, археология және этнология институтында ғылым жұмыспен айналысты. 1992 жылдан осы института бас ғылыми қызметкер. Ғылыми еңбектері

«Традиционная структура Казахстана (1920–1930-е годы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақстандағы 1931–1933 жылы ашаршылық, күштеп ұжымдастыру, қазіргі кездегі аграрлық мәселелер жөнінде жаңа методика тұрғыдан жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Шығармалары: «Традиционная структура Казахстана: социально-экономические аспекты функционирования и трансформации», 1991; «Очерки социально-экономической истории Казахстана», А., 1997.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:23 қазанда туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары