Халықтың Этникалық Құрамы — халықтың этникалық (ұлттық) белгісі бойынша бөлінуі. Халық санағы кезінде және бұқаралық статисталық есептің басқа да нысандарында ескеріледі. Халықтың этникалық құрамы жекелеген елдер мен оның әкімшілік-аумақтық бөлімшелері (облыстар, аудандар, қалалар, тағы басқалар) үшін, елдер топтары (мысалы, Батыс Еуропа елдері) үшін, жалпы әлем елдері үшін де айқындалуы мүмкін. Этникалық белгілер туралы деректерден басқа халықтың этникалық құрамын анықтау үшін ана тілі туралы деректер де пайдаланылады. Этникалық статистика дамымаған аймақтар мен елдерде сөйлеу тілі, діни сенімі, нәсілі туралы мәліметтерге, басқа да жанама көрсеткіштерге негізделген есептер мен бағалаулар қолданылады. Халықтың этникалық құрамының уақыттағы елеулі өзгерістері табиғи өсіп-өнудің этникалық саралануын, этникалық көші-қонды немесе этникалық үдерістерді айғақтайды.

Санат:Әлеуметтану Санат:Терминология