Ыстанбұл (), ертеде Византий, кейіннен Константинополь — Түркияның аса ірі қаласы, ірі сауда, өнеркәсіп пен мәдениет орталығы, елдің басты портты қаласы. Бір-бірімен көпірлер және туннельдер арқылы байланысып тұрған, оны еуропалық (негізгі) және азиялық бөліктерге бөлетін Босфор бұғазының жағалауларында орналасқан. Ыстанбұл халық саны 15 миллион адам, бұл Түркия халқының 19%-ын құрайды.https://data.tuik.gov.tr/Bulten/Index?p=The-Results-of-Address-Based-Population-Registration-System-2021-45500&dil=2 Түркия Статистка Институты (ағылшынша). 31 желтоқсан 2021.
Халық саны бойынша Еуропа тарихындағы алғашқы миллионер-қала. Рим, Византия, Латын және Осман империясы империяларының бұрынғы астанасы.
Географиясы thumb|220px|right|Стамбұл ғарыштан көрінісi Ыстанбұл төбелі жерде Түркияның солтүстік-батысында орналасқан. Қаланың ауданы — 1 538,77 км². Координаттары — . Ыстанбұл Босфор бұғазының үстiнде жатыр.
Әкімшілік бөлінісі Тарихи аудандары Ыстанбұлдың Еуропадағы тарихи аудандары: Айвансарай, Ақсарай, Байрампаша, Бақыркөй, Балат, Бебек, Бешікташ, Беязыт, Ғазиосманпаша, Галата, Долмабахче, Йешілкөй, Зейтінбұрны, Кяғытхане, Қапалы Чаршы, Вефа, Джибали, Зейрек, Қабаташ, Қасымпаша, Лалелі, Ортакөй, Пера, Сарыйер, Сұлтанахмет, Сулыкуле, Тақсим, Фатих, Фенер, Шұқыржұма, Шишлі, Еминөңі, Эйүп.
Ыстанбұлдың Азиядағы тарихи аудандары: Қадыкөй Үскідар
Климаты Ыстанбұл субтропиялық ауа райының аймағының шетiнде орналасады, дегенмен сонымен бiрге солтүстiктен ызғырықтардың ықпалы бар. Ыстанбұлда қыстыгүнi орташа температура +3°C және 9°C аралығында. Қыс салқын және дымқыл. Ыстанбұлда жылына температураның 0°C төмен көрсеткіші орта есеппен 21 күнді құрайды. Әр жыл сайын қар жауады. Ауа-райы бойынша жазғытұрым және күз жағымды жұмсақ, бiрақ температураның күрт өзгеруіне бейім. Ыстанбұлда жазды күнi салыстырмалы ыстық, орташа температура 19°C-ден 28°C-ге дейін, ауаның тым ылғалдыл кезеңдері кездеседі. Қалада аптап ыстық сирек және температура өте сирек 35°C және одан жоғарыға жетедi. Орта есеппен 850 мм жауын-шашын түседі, негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын бір жылда 123 күнге сәйкес келеді. Қала 2000 астам күн сағатын алады. Жылдық орта мөлшердегi салыстырмалы ылғалдық әрдайым жоғары, орташа 71% шамасында. left|250px|thumb|right|Ыстанбұлдағы ақпан айы, 2006
АйЫстық СуықЖаңбырлы күндерАшық аспанды күндерортаАбсолютортаАбсолютҚаңтар9193–13182.6Ақпан9242–16153.3Наурыз11273–11144.4Сәуір16337–296.6Мамыр213412288.9Маусым2637166510.8Шілде29391811411.7Тамыз29412010311.3Қыркүйек253815668.5Қазан2133123106.2Қараша15279–7134.6Желтоқсан11225–12172.3
Өнеркәсібі Ыстанбұлдың дамыған әртараптандырылған саласы бар. Экономика негізінен машина жасау, соның ішінде кеме жасау, химия, цемент, тамақ, жарық, баспа, электрлік, ағаш өңдеу, қағаз және шыны өнеркәсібі, сауда және туризмге негізделген. Сонымен қатар, зәйтүн майы, темекі, көлік құралдары, электроника және т.б. Экономиканың негізінен жоғары қосылған құны жоғары тауарлар өндіретініне қарамастан, көптеген аз құны қосылған тауарлар белсенді түрде шығарылып, одан да көп көрінеді. Бұл кәдесыйлар, түрік тәттілері, орташа сапалы киім, ұлттық костюмдер және тағы басқалар. Жалпы қалалық ЖІӨ-нің 26%-ы ғана болса да, олардың 80%-ы экспортқа тиесілі.
Галерея
Бауырлас қалалары Афина, Грекия Барселона, Испания Берлин, Германия Будапешт, Венгрия Кёльн, Германия Константа, Румыния Дуррес, Албания Флоренция, Италия Пловдив, Болгария Прага, Чехия Роттердам, Нидерланд Санкт-Петербург, Ресей Сараево, Босния және Герцеговина Скопье, Солтүстік Македония Стокгольм, Швеция Страсбург, Франция Венеция, Италия Варшава, Польша Алматы, Қазақстан Амман, Иордания Баку, Әзірбайжан Бейрут, Ливан Пусан, Оңтүстік Корея Дамаск, Сирия Дубай, БАӘ Хошимин, Вьетнам Исфахан, Иран Джакарта, Индонезия Жидда, Сауд Арабиясы Джохор-Бару, Малайзия Кабул, Ауғанстан Қазан, Ресей Лахор, Пәкістан Мери, Түрікменстан Ош, Қырғызстан Самарқан, Өзбекстан Шанхай, Қытай Шимоносеки, Жапония Сурабая, Индонезия Табриз, Иран Сиань, Қытай Буэнос-Айрес, Аргентина Гавана, Куба Хьюстон, АҚШ Мехико-Сити, Мексика Рио-де-Жанейро, Бразилия Торонто, Канада Каир, Мысыр Константина, Алжир Хартум, Судан Рабат, Марокко
Дереккөздер
Тағы қараңыз
Түркия
Санат:Ыстанбұл Санат:Түркия қалалары