Целинное — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Дружба ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 68 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жақ аңғарында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 991 адам (492 ер адам және 499 әйел адам) болса, 2009 жылы 840 адамды (413 ер адам және 427 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланған астық өсірумен айналысатын кеңшар бөлімшесінің орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1996 жылы өзімен аттас ұжымдық кәсіпорын құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы елді мекендері