Мамай-Қайыңды — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Қайыңды ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Тарихы Мамай-Қайыңды ауылы XIX ғасырдағы Сиқым Мамай батырдың атымен аталған. Луговое ауданы құрылған кезге дейін осы аймақта аталмыш ауыл болды, қазір де Мамай тауы бар. Бұл аймаққа Сиқым бабаның Наурызбай ұрпақтарын Мамай батыр бастап, яғни өзінің аталас ағайын жұртын ертіп, ата қонысы - қазірігі Алматы облысы өңірінен ел-жұртымен араздасып осында көшіп келген. Ол жөнінде жергілікті ел арасында аңыз-әңгімелер күні-бүгінге дейін сақталған. Қырыққа жуық қана үйден тұратын шағын ауыл Кеңес дәуірі тұсында "Мақпал" совхозының бөлімшесі ретінде негізгі кәсібі мал, мал бордақылау, егіншілік, оның ішінде, бидай, қант қызылшасы, бақша өнімдерін өсірумен айналысты.Жанқоразұлы Нұржан, Дуәнкеұлы Көшен. "Сыйқым Наурызбай баба" Шежіре: - Тараз: "Формат - Принт", 2011. - 228 бет."Сиқым шежіресі" Арыстан Өтеулин, 1996ж.

Географиялық орны Аудан орталығы - Құлан ауылынан батысқа қарай 54 км-дей жерде орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен217 241 111,1 111 125 112,6 106 116 109,4

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы елді мекендері