<p style="text-indent: 25px;">Фреза ()“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 — материалды жоңқалап кесу (фрезалау) тәсілімен өңдейтін көп жүзді кескіш аспап. Ол тіс орналасқан бетінің түріне (цилиндрлі, бүйірлі, дискілі, бұрышты, фасонды); тіс пішініне (тұзу, винтті, жан-жаққа бағытталған); тіс ерекшелігіне (қайралған, шыңдалған); құрылысына (тұтас, құрама, кешенді); бекітілуіне (саптамалы, т.б.); винттік ойығының бағытына қарай ажыратылады. <p style="text-indent: 25px;">Фреза легирленген және аспаптық болаттан дайындалады. Ол жазық әрі қисық бетті, жікті, айналу денесін өндеу, сондай-ақ материалдарды кесу үшін қолданылады.Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
Дереккөздер
Санат:Материалдар Санат:Материалдар механикасы терминдері Санат:Аспаптар Санат:Техника