Бүркітті — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Қырғыз ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде, Талды өзенінің сол жағалауында, бетеге, боз, ши өскен қуаң дала белдемінде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1954 жылы қаланған. Бұрынғы “Киргизия” кеңшары негізінде астық өндіретін және етті сиыр өсіретін шаруа (фермер) қожалықтары, өндіріс кооперативтері құрылған.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1461 1311 1241 94,7 637 672 105,5 674 569 84,4

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары өзге елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы елді мекендері