Мидхат паша (; 18 қазан 1822 жыл — 8 мамыр 1884 жыл) — османлының мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны Көптеген маңызды әкімшілік қызметтер атқарған. Бағынышты елдерге османлы үстемдігін сақтай отырып, Ұлы Османлы Мемлекетінің экономикасы, саяси және мәдени артта қалушылығын жою бағытында жаңартулар жүргізуге тырысты. Жаңа османлылар қозғалысына қатысып, бірінші османлы конституциясының (23 желтоқсан 1876 жыл) жариялануына қол жеткізді. 1877 жылдың ақпанында II Әбділхамиттің бұйрығы бойынша Еуропаға жіберілді. 1881 жылы Әбділғазиз сұлтанның өліміне (1876) байланысты жалған айып тағылып тұтқындалып, Таифке жер аударылды. Сол жерде II Әбділхамит жіберген баскесерлердің қолынан қаза таптыҚазақ Энциклопедиясы.

Дереккөздер

Сілтемелер Ұлы Османлы Мемлекеті Әбділғазиз (Османлы сұлтаны) II Әбділхамит

Санат:Түркия тұлғалары Санат:Османлы империясының садрағзамдары