Ақыртөбе — Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Ақыртөбе ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Ақыртөбе аудан орталығы Құлан ауылынан батысқа қарай 51 километрдей жерде, далалық белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2678 2584 96,5 1339 1306 97,5 1339 1278 95,4
Ауылда элеватор, өндірістік кооператив жұмыс істейді. Орта мектеп, емхана, тіс емдеу пункті, клуб бар. Ақыртөбе арқылы Алматы-Тараз автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері