Үлгілі — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Үлгілі ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан батысқа қарай 2 км жерде, боз жусан, баялыш, күйреуік басым өскен шалғынды, сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14271783 2764 155 897 1381 154 886 1383 156,1

Тарихы 1937 жылы осы жерде алғаш "Киров" атындағы колхоз құрылып, халқы егіншілікпен айналысқан. Отырықшылыққа әбден машықтанған осы жердің тұрғындары кейіннен мал өнімін беруде, егін жинауда бірінші қатардан көрініп, өзге ауылдарға үлгі көрсете бастайды. Содан халқы ауылдарына "Үлгілі ауыл" деген айдар тағып, ел аузында осылай аталып келеді. Ал, ауылдан "Киров" атауының алынып тастаған уақыты белгісіз.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы 1983-1997 жылдары қызылша тұқымын өсіретін кеңшардың ортасы болып келді. Оның негізінде Үлгіліде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды.

Дереккөздер

Санат:Байзақ ауданы елді мекендері