Үлкен Бөкен — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, Үлкен Бөкен ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан шығысқа қарай 26 км жерде, Үлкен Бөкен өзенінің жағасында, сайлы-жыралы келген дала белдемінде орналасқан.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2298 1709 1296 75,8 840 663 78,9 869 633 72,8
Тарихы Іргесі 1932 жылы асыл тұқымды мал өсіретін “Шегелек” кеңшары негізінде қаланған. 1936 жылы мұнда ауылдық кәсіптік-техникалық мектеп ашылды. 1996 жылы кеңшар таратылып, оның негізінде “Шегелек”, “Мекен” шаруа қожалықтары құрылды. Округ аумағында Ақтас, Жалсары, Тентек ауылдары орналасқан. Олар арқылы Көкпекті — Өскемен автомобиль жолы өтеді.Қазақ энциклопедиясы, 9 том
Дереккөздер
Санат:Көкпекті ауданы елді мекендері