Алматы шиқылдағы () – құртқашаштар тұқымдасының шиқылдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Iле Алатауының Ұзынағаш, Шамалған маңындағы тау етегінде өте сирек кездеседі. Биіктігі 10-15 см болады, жуашығы жұмыртқа тәрізді келеді. Қысқа сабағын 4-8 орақ сияқты қайырылып келген ұзын жапырақтары жауып тұрады. Сары жасыл түсті 1-3 гүлі бар. Наурыз-сәуір айларында гүлдейді, мамыр-маусымда жеміс береді. Тұқымынан, жуашықтарынан көбейеді. Алматы шиқылдағы-сәндік, әрі сирек кездесетін өсімдік. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстан “Қызыл кітабына” енгізілген.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Дереккөздер
Санат:Құртқашаштар Санат:Қазақстан флорасы Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер