Досымжан Сахуұлы Бержанов (4 қаңтар 1950 жылы туған, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды ауылы) – техика ғылымдарының докторы (1996), профессор (1997). Қазақ химия-технология институтын бітірген (1973). 1973–81 жылдары Жамбыл «Химпром» өндірістік бірлестігінде ауысым бастығы, цехтың аға шебері, технологы, фосфор секторының жетекшісі, цех бастығы 1981 жылы Шымкент «Фосфор» өндірістік бірлестігінде аға шебер, Қазақ химия-технология институтының аға ғылыми қызметкері 1981–92 жылы Жамбыл «Химпром» өндірістік бірлестігінде ауысым, бөлімше бастығы, жетекші инженер-технолог, бас инженердің орынбасары, 1992–96 жылдары «Нодфос» өндіріс бірлестігінің бас инженері 1996–99 жылдары «Химпром» АҚ-ның бас инженері, «Қазфосфор» ААҚ-ның вице-президенті, «Нодфос» АҚ-ның президенті.

«Научное обоснование, разработка и внедрение ресурсосберегающих и малоотходных технологий в фосфорном производстве» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 1999 жылдан «Химпром» АҚ-ның бас инженері

3 монография, 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы, 15 авторлық куәліктер мен патенттердің иегері.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:4 қаңтарда туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Арал ауданында туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қызметкерлері Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Нодфос