Әлімқұл Бүркітбаев (16 наурыз 1942, Шу ауданы — 24 тамыз 2003, Алматы) — Қазақстандық спортшы, ғалым, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Сары Үйсін руынан шыққан.

Балалар үйінде тәрбиеленген. Бішкек дене тәрбиесі институтын, Пекин университетінің шығыс медицинасы факультетін бітірген. Бокстан Қырғызстанның бес дүркін чемпионы. Спорт тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, профессор атағына ие болды. Жамбыл облысының спорт комитеті төрағасының орынбасары, ҚКСР Оқу министрінің көмекшісі, Абай атындағы педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ол Қажымұқан туралы деректі кітап пен ғылыми зерттеулердің, «Мұғалім», «Қазақтың ат спорты», «Жетімек» сынды басылымдардың авторы.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II томҚазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:16 наурызда туғандар Санат:1942 жылы туғандар Санат:Шу ауданында туғандар Санат:24 тамызда қайтыс болғандар Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:Қазақстан боксшылары Санат:Қырғызстан чемпиондары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан спорт қайраткерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан жазушылары