Қорқаулар () – сүтқоректілер класы, жыртқыштар отрядының бір тұқымдасы.
Сырт пішіні қасқырға ұқсас жыртқыш, артқы аяқтары қысқарақ, алдыңғы аяқтары ұзын, сондықтан денесінің алдыңғы жағы биік. Қорқау қасқырдың 3 туысқа жататын 4 түрі Африка, Оңтүстік-Батыс Азияда, Орталық Азия мен Кавказ бойында шөл, шөлейт, тоғайы сирек жерлерде кездеседі.
Денесінің ұзындығы 55 – 165 сантиметр, құйрығының ұзындығы 20 – 33 сантиметр, салмағы 10 – 80 килограмм. Басы үлкен, мойны жуан, құлақтары үлкен, жұмырланып тұрады. Мойнының үстіңгі жағында, иық тұсында қылшықты жалы бар. Тістері өте өткір. Тілінде де қатты мүйізді өскіндері бар. өлпанының (жүнінің) түсі қара қоңыр, кей түрінде жолағы немесе дақтары болады. Қорқау қасқыр жеке, кейде жұп құрып немесе топтанып тіршілік етеді. Қорегін түнде аулайды, көбіне өлексемен қоректенеді.
Жылына 1 рет күшіктейді. Буаздық мерзімі 90 – 110 күн, көбінесе 2 – 4 (сирек 6), әлжуаз, соқыр күшік табады.
Зоологиялық бақтарда 25 жылдай тіршілік етеді. Қорқау қасқырдың 1 түрі мен 1 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген."Қазақ энциклопедиясы", VI-томР. Сәтімбекұлы, Все о животных: Млекопитающие и звери, М., 2000.
Дереккөздер
Санат:Қорқаулар Санат:Сүтқоректілер Санат:1821 жылы зерттелген жануарлар Санат:Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілгендер