Соналыкөл – Қалдығайты өзені алабындағы көл.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Соналы ауылынан солтүстікке қарай 2 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 4,1 км2. Көктемгі қар суымен көл айдыны ұлғайып (16,4 км2-ге дейін), жаз айларында суы тартылып, батпаққа айналады. Жағалауы жайпақ, батысындағы Орман құмына шектесетін кемері жарқабақты. Қарашада қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. Алабы – жайылым. Жағалауында қамыс, құрақ өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қаратөбе ауданы көлдері