Нұр Тоқай (Көк қашан) шайқасы, 1457 жылы Әбілхайыр хан мен ойрат Өзтемір тайшы әскерінің арасында болған. 15-ғасырдың бас кезінде пайда болған ойрат мемлекеттік бірлестігі бірден Моғолстанның шығыс шекараларына шапқыншылық жасай бастады. Ойрат (қалмақ) шонжарларын өз жайылымдарын кеңейтуге мүмкіндік беретін Жетісу ғана емес, Орталық Азиядағы отырықшы аудандар да қызықтырды. 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттар Сыр бойындағы қалаларға шабуыл жасады. Нұр тоқай (Көк қашан) шайқасы Әбілхайыр хандығының астанасы – Сығанақ қаласына таяу жердегі жазықта өтті.Бартольд В.В., Абулхаир, Соч., т. 2, ч. 2, М., 1964 Нұр тоқай (көк қашан) шайқасында ойраттар толық жеңіске жетіп, Әбілхайыр хан өз әскерінен қалған аздаған қолмен Сығанақ қаласына келіп тығылды. Қарсылыққа кезікпеген қалмақтар Түркістан, Ташкент пен Шахрух қалаларының төңірегін тонауға кірісті. Кетерінде Өзтемір тайшы Әбілхайыр ханмен аса ауыр бітім жасасты. Осы жеңілістен кейін Әбілхайыр хандығынан көшпелі тайпалар бөлініп кетті.Ахмедов Б.А., Государство кочевых узбеков, М., 1965
Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Тарих