Ишимское — Ақмола облысы Жақсы ауданындағы ауыл, Есіл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жақсы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 57 км-дей жерде, Есіл өзенінің оң жағасында, бетеге, селеу, көде, айрауық өскен қызғылт қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен17111277 995 77,9 627 481 76,7 650 514 79,1

Тарихы 1957 жылдан “Ишимский” астық кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан ауылда “Есіл” серіктестігі және бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдасқан.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана т.б. тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Жақсы ауданы елді мекендері