Жоғарғы Сона () — Францияның шығысында орналасқан департамент, Франш-Конте аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 70. Әкімшілік орталығы — Везул. Халық саны 229,7 мың адам (департаменттер арасында 82-ші орын, 1999 ж.).
Географиясы Жер аумағы 5360 км². Департамент арқылы Сона және Оньон өзендері ағып өтеді. Департаменттің үштен бір бөлігі орманды болып келеді.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 2 округ, 32 кантон және 545 коммунаны қосады.
Тарихы Жоғарғы Сона — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Франш-Конте провинциясының аймағында пайда болған. Атауы Сона өзенінен шыққан.
Сілтемелер Préfecture de la Haute-Saône Conseil général de la Haute-Saône
Тағы қараңыз Жоғарғы Сона департаментінің коммуналары
*