Де-Севр (, мағынасы — «екі Севр») — Францияның батысындағы департамент, Пуату-Шарант аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 79. Әкімшілік орталығы — Ньор. Халық саны 344,4 мың адам (департаменттер арасында 64-ші орын, 1999 ж.).
География Жер аумағы 5999 км². Департамент арқылы Севр-Нантез және Севр-Ньортез өзендері ағып өтеді . Осы өзендерден департаменттің атауы шықса керек.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 3 округ, 33 кантон және 307 коммунаны қосады.
Тарихы Де-Севр — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Пуату провинциясының аймағында пайда болған.
Тағы қараңыз Де-Севр департаментінің коммуналары
Сілтемелер Préfecture Conseil général des Deux-Sèvres Ville de Thouars Le portail du Pays Thouarsais / le portail du tourisme en Deux-Sèvres avec plein de bons plans
*