Малай архипелагы () — әлемдегі ең үлкен және арал саны бойынша төртінші, Тынық мұхиты мен Үнді мұхитын өзара бөліп тұрған Оңтүстік-шығыс Азия мен Австралия арасындағы архипелаг. Атауы Малай рифтері атауының жайылу аумағына байланысты алынған. Үлкен Зонд, Кіші Зонд, Молукк, Филиппин және көптеген ұсақ аралдар кіреді (мұхитпен бөлінетіндіктен Жаңа Гвинея аралы кірмейді) http://slovari.yandex.ru/dict/bse/article/00044/95200.htmМалайский архипелаг — Словарь современных географических названий. Ең үлкен аралы — Калимантан және Суматра. Ең тұрғыны көп арал — Ява.
Аралдарда 330 вулкан, 100-жуық әрекеттегі жанартаулар бар. Ең атақтысы — Кракатау. Малай архипелагында Индонезия (толықтай дерлік) (Индонезия Жаңа Гвинея аралының жартысын алып жатыр, ол архипелагқа кірмейді), Малайзия (жартылай), Бруней, шығыс Тимор және Филиппиндер мемлекеттері орналасқан. АралдарКөлеміКалимантан748 168 км2Суматра443 066 км2Сулавеси180 681 км2Минданао97 530 км2Ява443 066 км2Жаңа Гвинея785 753 км2Лусон109 965 км2 Малай архипелагының барлық көлемі 2 000 000 км2, 25 мыңнан астам топаралдардың аралдарынан құралады.Philippines : General Information. Government of the Philippines. Retrieved 2009-11-06; ; Топаралда 350 000 адам тұрады, халық тығыздығы 150 адам./км². Архипелағтың ірі топаралдары: Индонезия Зонд аралдары Үлкен Зонд аралдары Кіші Зонд аралдары Малуку аралары Филиппин архипелагы Жаңа Гвинея және маңындағы аралдар (кейде қосылады)
Дереккөздер
Санат:Оңтүстік-шығыс Азия Санат:Малай архипелагы