Тәукенов Қасым АппасұлыҚазақ Энциклопедиясы (1934 жылы туған, Целиноград ауданы. Киров ауылы) – мемлекет және қоғам қайраткері. Арғын тайпасы Қуандық руы Темеш бөлімінен шыққан.

Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын бітірген (1958). Шалқар кеңшарының директоры, Астрахан ауданы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы (1968 – 72), Ерейментау, Атбасар ауданының партия комитеттерінің 1-хатшысы (1973 – 85), Целиноград облысы атқару комитеттерінің төрағасы (1985 – 1989), Қазақстан Компартиясы Көкшетау облысы комитетінің 1- хатшысы (1985 – 1990) болып қызмет жасаған. Ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан КП Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшылары