Буэнос-Айрес (; ) — Аргентина астанасы, әрі әкімшілік, мәдени және экономикалық орталығы, сондай ақ Оңтүстік Американың ең ірі қалаларының бірі. Буэнос-Айрес өзімен аттас провинцияның бір бөлігі саналмайды, ол 1880 жылы негізі қаланған жеке әкімшілік аудан болып табылады.
Буэнос-Айрес Аргентинаның орталық-шығыс бөлігінде, Рио-де-ла-Плата өзенінің жағалауында орналасқан. 2010 жылғы санақ бойынша халық саны 2 891 082 адамды құрады. Буэнос-Айрес Аргентинаның ең ірі қаласы саналады және әлемнің 20 ең ірі қалаларының қатарында.
Қала ресми 48 ауданға бөлінеді. Буэнос-Айрес автономды қала болып есептелінеді және Аргентинаның 24 провинциясының қатарына кіреді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Буэнос-Айрес қаласының ресми сайты Аргентина туралы барлық ақпарат. Халықаралық туристік сервер Буэнос-Айрес қаласының веб-камералары Буэнос-Айрестің электронды картасы
Санат:Буэнос-Айрес Санат:Аргентина миллионер қалалары